Алматыда электронды жол белгісі орнатылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласында қозғалысты жолдағы жағдайға байланысты реттеп отыруға қабілетті электронды жол белгісі орнатылды. Қалалық полиция департаментінде оның мән-жайы туралы баяндап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Белгі туралы видео Instagram парақшада пайда болды.

«Думандағы бағдаршамда электронды жол белгісі орнатылды. Кептеліс жағдайында бұл белгі тек тура көрсетіп отырса, кептеліс болмағанда тура және сол жаққа көрсетеді», - дейді кадрдың ар жағындағы дауыс.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің нақтылауынша, Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасы бағдарламалар әкімшісімен (Алматы қаласының мобильді басқармасы) бірлесіп 9 сәуір күні Талғар тас жолы мен Хан тәңірі көшелерінің қиылысында (Думан шағынауданынан шығар жол) ауыспалы ақпарат беретін электронды жол белгісін (4.1.1 «Тура қозғалыс» және 4.1.5 «Тура немесе сол жаққа қозғалыс») іске қосты.


«Аталған қозғалыс еуростандартқа сәйкес, SMD LED-технологияларды қолдану арқылы орындалды және жол белгілерінің түрлі-түсті суретін өте анық етіп көрсетеді, бұл өз кезегінде жүргізушілердің белгіні қабылдау кезінде қате жібермеуіне септігін тигізеді. Жол белгісінің қажетті суреті тәулік уақыты бойынша (бағдарлама бойынша) арнайы электрондық блокпен немесе көліктер санына байланысты шығарылады. Ауыспалы ақпараты бар жол белгісінің жұмыс уақыты – таңғы сағат 6:00-дан 11-ге дейін, 4.1.1 «Тура қозғалыс» және 4.1.5 «Тура немесе сол жаққа қозғалыс» белгілерінің жұмыс уақыты – сағат 11:00-денн сағат 6:00-ға дейін», делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар