Алматыда эпидемиологиялық жағдай күрделі – Жандарбек Бекшин

Оның айтуынша, қыркүйек айында коронавирус жұқтырғандардың саны төмендеген болатын. Алайда қазан айынан бастап қайта көтерілді. Қазанда – 366 жағдай, қарашада – 1399 жағдай және желтоқсан айында бүгінгі күнге дейін - 1635 жағдай тіркеліп, індеттің өсуі қарқын алды.
«КВИ бойынша Алматы қаласында эпидемиологиялық жағдайының өрбуі алдын ала болжамдаған мөлшерге сәйкес келіп отыр: желтоқсан айында 1 аптада – 420 жағдай, 2 аптада – 460 жағдай, 3 аптада – 510 жағдай, 4 аптада - 560 жағдай болжам бойынша жалпы айдың қорытындысымен 1900 жағдай және пессимистік болжам бойынша 2200 жағдайға жетуі мүмкін»,– деді Жандарбек Бекшин.
Сонымен қатар, ол Алматы қаласында, елде және әлемде коронавирустық инфекциясының эпидемиологиялық жағдайдың күрделіне түскенін атап өтті.
«Алматы қаласындағы эпидемиологиялық жағдайға келетін болсақ, бүгінгі күнде күрделі күйінде қалып отыр. Жыл басынан бері коронавирустық инфекцияның 17790 жағдайы, сондай-ақ тамыз айынан бастап есепке алынған этиологиясы анықталмаған (коронавирус) пневмонияның 1349 жағдайы тіркелді»,– деді ол.
Бұған дейін Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойғаны туралы жаған болатынбыз.