Алматыда ер адам өз көлігінің астына түсіп, ажал құшты

АЛМАТЫ. 12 қараша. ҚазАқпарат - Алматыда 32 жастағы ер адамды өзінің автокөлігі басып кетті, деп хабарлады қаланың ІІД баспасөз қызметінен.
None
None

Бұл оқиға Мұқанов және Қазыбек би көшелерінің қиылысында болды. «Хонда Шатл» жүргізушісі автокөлікті жолдың бойына қойып, алайда қол тежегішін қоспаған. Салдарынан машина солтүстік бағытқа жылжып кетіп, тап сол шақта автокөліктің алдында тұрған жүргізушіні басып кеткен.

Ер адам оқиға орнында ашық бас-ми жарақаты мен ішкі органдарының зақымдануынан көз жұмды.

Болған жағдайдың егжей-тегжейін тергеу анықтайды.

Соңғы жаңалықтар