Алматыда ер адамды қағып кеткен көлік жүргізушісі ұсталды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ер адамды көлігімен соғып кеткен жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты 9 қыркүйекте Түрксіб ауданында болған. Сейфуллин көшесінде белгісіз көлік ер адамды қағып кеткен.
Жапа шеккен ер адам қаладағы ауруханалардың бірінде жансақтау бөлімінде жатыр.
Жол апаты қас қарая болғанына қарамастан, полиция жүргізушіні ұстады.
«Жол апатын көзімен көргендер көліктің қара түсті «Мазда» екенін шамалады. Содан соң жаңа ақпараттық технологиялардың мүмкіндігін пайдалана отырып, камералардан адам қаққан көлікті таптық. Көлік иесі қазір адам қаққанын мойындады. Жол апатының мән-жайын анықтау бөлімі қарап жатыр», - деді жергілікті полиция қызметінің іздестіру бөлімінің басшысы Ерік Насырбеков