Алматыда ерекше мүсін көрмесі өтіп жатыр

ҚР Тұңғыш Президенті қорының ІХ Республикалық әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің жеңімпазы болған бұл жобаның мақсаты - мүмкіндігі шектеулі жандардың өміріне қоғамның назарын аудару. Өйткені Қазақстанда зағип жандарды бейнелеу өнерімен таныстыруға көмектесетін арнайы бағдарлама жоқ. Жоба мен көрменің жетекшісі Гүлзира Молдашеваның айтуынша, экспозицияны қарап шығуға басқа келушілерге қарағанда олардың көру мүмкіндігі аз. Бұны табиғи шектеу деп қана емес, экспозиция заттарының көбісі витринада жатқандықтан деп білген жөн. Көне заттар өте нәзік, осал келеді. Экспонаттардың кейбірі - зағип жандардың қолы жетпейтін картиналар мен графикалық туындылар.
«Қолға сезілетін бейнелер» жобасының негізгі идеясы - мүмкіншілігі шектеулі зағип балаларды Қазақстанның мүсіндік туындыларын дене түйсігі арқылы қабылдауға және мүсін жасайтын және балаларға арналған пластилинді пайдаланып, өз түсінігінде қабылдаған бейнелерді бере білуге тарту. Шараны өткізу үшін Қазақстан суретшілері Ш. Төлеш, П. Шорохов, Ә. Жұмабай және Б. Бейілханның шеберханаларынан мүсіндік туындылары әкелінді. Бұл көрмедегі барлық экспонаттарды қолмен ұстауға, оларды жасаған материалдармен және жасалу техникасымен танысуға болады. Онда балалардың жасаған жұмыстары көрмеде түпнұсқа туындылармен қатар қойылып, каталогқа еніп отыр.