Алматыда еріктілерге арналған «Алматы жастары» корпусы құрылады - М. Ахметов

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Биыл Алматы қаласы әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы «Алматы жастары» атты еріктілер корпусын құрады.
None
None

Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында басқарма басшысы Мәркен Ахметов мәлімдеді.

«Басты мақсат - қаладағы барлық волонтерлік ұйымдарды біріктіріп, ортақ база құру. Сонда мемлекеттік органдарға да, бизнес құрылымдардың өкілдеріне де волонтерлердің қызметін пайдалану ыңғайлы бола түседі», - дейді М. Ахметов.

Оның айтуынша, әзірше база құрылу үстінде. Алдағы ақпан айында атқарылған жұмыстардың нәтижесі белгілі болады.

«2017 жылғы қысқы Универсиада ойындарына қарай Алматыда еріктілерге қатысты бір база және бір ресурс болуы керек», - деп түйіндеді М. Ахметов.

Соңғы жаңалықтар