Алматыда Есентай өзенінде белгісіз адамның мүрдесі табылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда Есентай өзенінде, Тимириязев көшесінің төменгі жағында белгісіз адамның мүрдесі табылды. Бұл туралы жаңа ғана Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек хабарлады.

 Алматыда Есентай өзенінде белгісіз адамның мүрдесі табылды

Оның айтуынша, қазір оқиға орнында полиция қызметкерлері, құтқарушылар және сүңгуірлер жұмыс істеуде. Суға батып кеткен адамның аты-жөні анықталып жатыр.

Қосымша ақпарат кейінірек жария етіледі.