Алматыда есірткі тұтынып, полицияға қарсылық көрсеткен жүргізуші 20 тәулікке қамауға алынды

None
Видеодан алынған кадр: t.me/POLICE_of_KZ
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда есірткіге мас күйінде көлік тізгіндеп, полицияға ұсталған жүргізуші 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға көлік айдау құқығынан айырылды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық сотының мәліметінше, есірткіге масайған көлік жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылды.

«Алматы қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында көлік құралдарына зақым келтіруге әкеп соққан есірткіге мас күйінде көлік құралын басқару фактісі бойынша азамат А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Сот 2023 жылдың 14 маусымында А. мас күйінде көлік жүргізіп, патрульдік көлікке шабуыл жасағанын анықтады. Жол-көлік оқиғасы салдарынан автокөліктерге механикалық зақым келген»,- деп хабарлады ведомстводан.

Сот отырысында құқық бұзушы іс материалдарында баяндалған фактілерді растады және өкінетінін айтты.

«Сот қаулысы бойынша А. ӘҚКо 608-б, 3-б көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және оны 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, оған 20 тәулік мерзімге қамауға алу түрінде әкімшілік жаза қолданылды»,- делінген хабарламада.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін оның полицейлерге бой бермей, оқиғаға орнынан қашпақ болғаны туралы жазған едік.


Соңғы жаңалықтар