Алматыда есірткіні Telegram канал арқылы сатқан ер адам ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы тұрғыны синтетикалық есірткіні Telegram арқылы сатқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Полиция департаментінің мәліметінше, есірткі сатты деген күдікпен Алматы қаласының 29 жастағы тұрғыны ұсталды.

«Е.есімді азаматтың үйінен құрамында түрлі түсті ұнтақ тәрізді заттары бар 15 қаптама, электронды таразы, сондай-ақ «скорость» және «мефедрон» синтетикалық есірткі заттарын жарнамалау және сату туралы дербес компьютердегі мәліметтер табылып, тәркіленді. Сондай - ақ күдіктінің көлігінен тағы бірнеше шөп салынған қаптама табылды. Оның Telegram платформасында жеке ресурсы бар екендігі, сол арқылы синтетикалық есірткі сататындығы анықталды»,- дейді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Сағындық Аяғанов.

Telegram платформасы бұғатталды. Тәркіленген заттарға сараптама тағайындалды.

Спикердің сөзінше, қазіргі уақытта Алматыда «синтетиканы» жеткізу арнасын анықтауға бағытталған жедел және арнайы шаралар кешені жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар