Алматыда "Этникалық кірігу және тіл саясатын дамыту тәжірибесін зерттеу" атты тақырыпта дөңгелек үстел өтіп жатыр

ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен, Қазақстан Кәрістер қауымдастығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сараптамалық кеңестің ұйымдастыруымен өтіп жатқан дөңгелек үстел жұмысына Корей Республикасындағы Қазақстан Республикасы елшілігінің өкілдері, Оңтүстік Корея ғалымдары мен студенттері, Ғылыми-сараптамалық кеңестің мүшелері, қазақстандық этносаралық келісім сарапшылары, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, ҮЕҰ өкілдері, сонымен қатар Ресей, Италия, Ұлыбритания, Өзбекстан мемлекеттерінің ғалымдары қатысуда.
Дөңгелек үстелде Оңтүстік Корея және Қазақстандағы тіл саясатының, мемлекеттік тілдің дамуы, әлеуметтік зерттеулерді сұрыптау әдісін пайдалану арқылы екі мемлекеттегі этникалық интеграцияның жүзеге асуы, жастар арасында отаншылдық сезім мен азаматтық белсенділікті арттыруға байланысты өзекті мәселелер талқылануда.
Шара барысында тіл саясаты және әлеуметтік лингвистика саласындағы ғалымдар мен сарапшылар еңбектерінің қазақ және кәріс тілдерін меңгеру ісіне арналған әдістемелік құралдардың, аудио және бейне таспа түрінде жасалған материалдардың көрмесі өтеді.
Пленарлық отырыс "Тілді дамыту саясатының мәселелерін талқылау: салыстырмалы анализ және байқаудан шыққан қорытынды", "Өзекті этникалық интеграция мәселелерін талқылау: әлеуметтік зерттеулерді сұрыптау негізінде салыстырмалы анализ" сессияларымен жалғасады.