Алматыда этномәдени бірлестіктердің басшылары мерекелік медальдармен марапатталды

АЛМАТЫ. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыда қала әкімінің орынбасары Серік Сейдумановтың төрағалығымен Қазақстан халқы Алматы қалалық Ассамблеясының XVII сессиясы болып өтті.
None
None

Жиынға Алматы қаласы бойынша ҚХА-ның ғылыми-эксперттік тобының мүшелері, мәдени орталықтардың басшылары мен мемлекеттік құрылымдардың өкілдері қатысты.

Сессия жұмысы барысында этномәдени бірлестік басшыларының есебі тыңдалып, алдағы жұмыстардың бағыт-бағдары айқындалды. Жиында сондай-ақ, бірқатар азаматтарды Алматы қаласы ҚХА құрамына енгізу мәселесі қаралды. Қатысушылардың бірауыздан мақұлдауымен Алматы қаласы мәслихатының хатшысы Төлеубек Мұқашев пен "Ватандаш" қырым татарлары мәдени орталығының төрағасы Сеит Бабалиев Қазақстан халқы Алматы қалалық Ассамблеясының құрамына қабылданды.

Серік Сейдуманов жиналған қауымды ел тәуелсіздігінің 20 жылдығымен құттықтап, мәдени орталықтардың жиырма бес басшысына "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл" мерейтойлық медальдарын тапсырды.

Соңғы жаңалықтар