12:02, 15 Мамыр 2012 | GMT +5
Алматыда Еуразия аумағындағы ревматалогтардың тұңғыш конгресі өтіп жатыр
АЛМАТЫ. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстанда былтыр ревматологтар саны 2 есе өсті. Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан ревматологтардың І Еуразиялық конгресінде айтылды.

«Алғашқы конгреске 15 мемлекеттің бас ревматологтары мен ғалымдары қатысуда. Олар бұл басқосудан кейін арнайы Қарар қабылдайды. Қазір Қазақстанда ревматалогия саласында үлкен өзгерістер жүріп жатыр. Жер-жердегі денсаулық сақтау мекемелеріндегі ревматлогтардың кабинеттері көбейіп ауруды ертерек анықтап, оған ем-дом қолдану дұрыс жолға қойылды», - дейді ҚР Бас ревматологы Ғалымжан Асылбеков. Буын аурулары институтының бас директорының айтуынша, Еуразия аумағында тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған бұл жиын 2 жылда бір рет өтпек. Ол Қазақстанда енді 12 жылдан кейін ғана өтеді деп жоспарлануда.