Алматыда фармакологиялық бақылау және жалған дәрі-дәрмек құралдарына қатысты мәселелер талқылануда

АЛМАТЫ. 5 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда  «Фармалогиялық бақылау және жалған дәрі-дәрмек құралдары» атты  ІІІ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өз жұмысын бастады.
None
None

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті мен «Дәрі-дәрмек құралдары мен медицинада тағайындалған бұйымдар мен техникаларды сараптаудың ұлттық орталығы бірлесіп ұйымдастыруымен өтіп жатқан шараға  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, ТМД елдерінің реттеу органдарының өкілдері, тәжірибелік медицина және клиникалық фармакология, формулярлық жүйе, фармация мен отандық және шетелдік фармацевтикалық фирмалардың жетекші мамандары, сондай-ақ, Турция, Ресей, Франция, Австрия, Германия, Украина, Швеция, АҚШ, Италия, Ұылбритания, Польша  фармакологиялық бақылау органдарының басшылары мен өкілдері қатысуда.

  Екі күнге жалғасатын алқалы жиында - Фармагологиялық бақылауда қолданылатын емдеу құралдарының жағымсыз әсерін белгілерін айқындау тәртібі, стандарттары, әдістері; Педиаторлық, акушерлік, гинекологиялық, геритариялық емдеу құралдарын қолданудың қауіпсіздік мәселелерін реттеу;  Фармакологиялы бақылаудың ерекшеліктері және биологиялық және биосимилярлық преператтардың тәуекелдерін басқару жоспары;  Фармакологиялық бақылаудағы алдыңғы және постмаркетингтің клиникалық зерттеулердің рөлі; ІСН-нің фармакологиялық бақылау бойынша талаптары мен ұсыныстарын үйлестіру мәселелері;  «Medicrime» Еуропа конвенция кеңесі: жаңа нәрсе, тәжірибелік құндылық және халықаралық пен ұлттық талаптардың өзара байланысы сияқты жәйттар жан-жақты талқыға түсетін болады.

  «Бүгінгі конференция жекелеген пациенттердің денсаулығымен қатар, жалпы денсаулық сақтау жүйесінің мүддесін қорғау бағытындағы маңызды гуманитарлық міндетті шешуге өз үлесін қосады деп сенемін», -деді шараның ашылуында  «Дәрі-дәрмек құралдары мен медицинада тағайындалған бұйымдар мен техникаларды сараптаудың ұлттық орталығының бас директоры Арнұр Нұртаев.

  Оның айтуынша, бұл шара халықты тиімді, қауіпсіз және сапалы емдеу преператтармен қамтамасыз ету мақсатында фармакологиялық бақылауды одан ары жетілдіруде күш біріктіріп, жалған медициналық өнімдермен күрес шараларын қабылдауға мүмкіндік бермек.

Соңғы жаңалықтар