Алматыда фитнес тренерді атып өлтіріп кетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Наурызбай аудандық полициясында фитнес тренерді өлтіру фактісі тергеліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат полицияға сілтеме жасап.
None
Фото: instagram.com/fitnessblitz_almaty

Бұл ақпарат әуелі әлеуметтік желіде тарады.

«19 шілдеге қараған түні «Fitness Blitz» клубының фитнес жаттықтырушысы Дамир Төребаевты өз пәтерінде атып кеткен» делінген Telegram каналда тараған жазбада.

Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігімен тіркелген.

«Қылмысты ашу мақсатында тергеу жедел тобы құрылды. Күдіктілер анықталып, оларды ұстау шаралары жүргізіліп жатыр» деп мәлімдеді полиция.

Алдын ала мәлімет бойынша, Т. есімді азамат пен оның танысының арасында жанжал болған.


Соңғы жаңалықтар