Алматыда футболдан «Арманыңа жақында» атты IV Қазақстан Чемпионатының финалдық ойындары басталды (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Орталық стадионның қосалқы алаңында «Бақытты балалық шақ» республикалық жобасы аясында футболдан балалар үйлері мен жетім балаларға арналған мектеп-интернаттардың 11-14 жас аралығындағы тәрбиеленушілері арасында «Арманыңа жақында» атты IV Қазақстан Чемпионатының финалдық ойындары басталды.
None
None

Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 9 команда қатысуда. Олар: Ақмола облысы, Ақкөл қаласының №1-ші балалар үйінің «Арыстан»,  Ақтөбе облысының Алға облыстық балалар үйінің «АДД», Павлодар облысының Мичурино кентіндегі Мичурин балалар үйінің «Ертіс», Алматы қаласындағы Алматы облыстық балалар үйінің «Ақ Барыс», Қостанай облыстық балалар үйінің «10 Аймақ», Семей қаласындағы отбасылық санаттағы №8-ші балалар үйінің «Семей», Қарағанды қаласындағы «Таңшолпан» балалар үйінің «Таңшолпан», Тараз қаласындағы Сарымолдаев атындағы №1-ші балалар үйінің «Тұлпар»  және Өскемен қаласындағы «Үміт» балалар үйінің «Үміт» командалары қатысуда.

«Финалдық кезеңге дейін, яғни мамыр айында Қазақстан бойынша іріктеу ойындары өтті. Ол бір айға созылды. Оған 13 облыстан барлығы 25 команда қатысты. Солардың арасынан үздік шыққан 9 команда бүгін Алматыға жиналды. Финалдық ойындар 4 күнге созылады. Жүлдегерлер кубоктар, дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Ал жеңімпаз команда биыл тамыз айында бір аптаға Испанияға барып қайтады. Онда Испанияның 10 дүркін чемпионы - атақты «Атлетико Мадрид» футбол клубының базасында болып, Антуан Гризман, Фернандо Торрес, Тягу Мендеш секілді атақты футболшылармен кездеседі. Шеберлік сыныптарынан өтеді. «Висенте Кальдерон» стадионында футбол матчын тамашалайды және қала аралайды. Біздің мақсатымыз - балаларды саламатты өмір салтына тарту, спортқа баулу, дарынды футболшыларды анықтау және оларды адамгершілік рухта тәрбиелеу», - деді «ҚазАқпарат» тілшісіне берген жауабында «Бақытыңа жақында» футбол чемпионатының басты үйлестірушісі Айнұр Сәлімбаева.

Сонымен қатар ол, алдағы жылғы чемпионатқа әлеуметтік аз қамтылған балаларға арналған мектеп-интернаттың тәрбиеленушілерін де қатыстыру жоспарланып жатқандығын  жеткізді.   

«Бұған дейінгі чемпионаттарда тек балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысып келген болатын. Биыл тұңғыш рет жетім балаларға арналған мектеп-интернаттың да балалары да қатысты. Өкінішке қарай, олардың ешбірі финалдық кезеңге шыға алмады. Дегенмен, олар келесі жылғы жарысқа жақсы дайындықпен келуге уәде берді. Ал біз, бұл чемпионатқа балаларды көптеп тартқымыз келеді. Сондықтан, алдағы жылғы біріншілікке енді әлеуметтік аз қамтылған балаларға арналған мектеп-интернаттардың балаларын қатыстыру жағын ойластырып жатырмыз», - деді А. Сәлімбаева.

Қазір Орталық стадионның қосалқы алаңында ойындар жүріп жатыр. Қатысушы командалар үш топқа бөлінген. Әр командада 10 ойыншыдан бар. Алаңда әр команда сапында 8 ойыншы өнер көрсетеді. Матч 40 минутқа созылады. Әр тайм - 20 минуттан.

Айта кетелік, «Бауыржан» қоры ұйымдастырған бұл біріншілікке 2013 жылдан бері жыл сайын Қазақстанның түкпір-түкпірінен 300-ге жуық жасөспірімдер қатысады. Осы үш жыл ішінде әлемнің атақты клубтарына барып, атақты футболшылармен кездесу - қол жетімді арман екендігіне жасөспірімдердің көздері жетті деуге болады.  Бірінші жылғы чемпионаттың жеңімпазы  - Есіл қаласының №2- ші балалар үйінің тәрбиеленушілері «Барселона» клубына барса,  2014 жылғы чемпион - Алматы облысының №1-ші балалар үйінің «Барыс» командасы Итальяның «Милан»  клубына барып қайттты. 2015 жылы жеңімпаз команда - Қарағанды қаласының «Таңшолпан» балалар үйінің тәрбиеленушілері Мюнхеннің «Бавария» клубының базасында болып, футболшылармен кездесті. Айта кетелік, Ақкөл қаласындағы балалар үйінің бір тәрбиеленушісі Алматыдағы  «Real Madrid Foundation» оқыту курсына қабылданса, Алматыдағы №1-ші балалар үйінің тәрбиеленушісі қазір «Қайрат» футбол клубының академиясында тәлім алып жатыр. Чемпионатқа Қазақстанның футбол федерациясы, «Нұр Отан» партиясы және «Цесна банк» АҚ қолдау көрсетуде. Биыл «Цесна банк» тарапынан балаларды тамақтандыру және  футбол формасымен, доптармен қамтамасыз ету, шет елдік жолдама және басқа да шығындар бойынша 10 млн. теңгеден астам қаржы бөлген. 

null null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар