Алматыда футболдан ІІ «ҚР Президенті кубогы» халықаралық жасөспірімдер турнирі өтеді

АЛМАТЫ. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда сәуірдің 25-30-ы күндері футболдан ІІ «ҚР Президенті кубогы» халықаралық жасөспірімдер турнирі өтеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Футбол федерациясының интернет сайтына сілтеме жасап.Онда биыл Қазақстаннан «Семей-93», Ресейден «ЦСКА», «Спартак», «Рубин», Бразилиядан «Оле Бразил», Нидерландыдан «АДО Ден Хааг» сияқты футбол командалары қатысады деп жоспарланып отыр. Матчтың ашылу және жабылу салтанаты Орталық стадионда өтеді. Онда Қазақстанның Премьер-лигасы мен Бірінші лигасынан Асхат Абданбаев, Сергей Гороховодацкий, Анатолий Вишниченко, Бақыт Қызылбаев, Артем Кучин, Айдын Рахымбаев, Денис Измайлов, Марат Искаков сияқты арбитрлар төрелік жасайды. Оларға Дмитрий Быстров, Еркін Жантуғанов, Санжар Искаков, Бағдат Абдуллаев Станислав Лесив, Руслан Омаров, Максим Субботин, Иван Филатов пен Алексей Шабанов көмек көрсетпекші. Халықаралық бұл турнирге былтыр алаң иелерінен «Цесна», Ресейден «ЦСКА», «Спартак», «Зенит», Түркиядан «Бешикташ», Беларустан «Динамо», Нидерландыдан «АДО Ден Хааг», Бразилиядан «Оле Бразил» командалары қатысқан болатын. «Оле Бразил» мен «АДО Ден Хааг» футболшыларының ойынымен басталған алғашқы турнирде «Бешикташ» жеңімпаз атанды. Ал 2-3-і орынды «ЦСКА» мен «Спартак» командалары бөліскен еді.
Соңғы жаңалықтар