10:23, 20 Наурыз 2014 | GMT +5
Алматыда газ жарылып, үйдің қабырғасы опырылып түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы қаласы Түрксіб ауданындағы жеке секторда газ жарылып, үйдің қабырғасы опырылып түсті, деп хабарланды ҚР ТЖМ сайтында.
«19 наурызда сағат 13:58 табиғи газбен жанатын пештен ақау шығып, газ қоспасы жарылды. Салдарынан үй құлап қалды», - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында. 1957 жылы туған азамат түрлі дәрежедегі күйікпен ауруханаға түсті. Оқиға орнына Алматы қаласының өрт сөндіру қызметінің 6 техникасы мен 24 құтқарушы жетті.