Алматыда Германия Археология институтының фотокөрмесі ашылды

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 15-і. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Бүгін Алматыдағы ҚР Орталық мұражайында Германия Археология институтының «Орталық Азиядағы археологиялық зерттеулер» атты ашық фотокөрмесі басталды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оны ГФР-ның Алматыдағы Бас консулдық өкілдігі ҚР Мемлекеттік орталық мұражайымен бірлесіп «Германия Қазақстанда - 2010» мәдени шарасының аясында өткізуде. Шараны Германия Федеративті Республикасы мен Гете атындағы Институт METRO Cash & Carry, BMW6 GAZPROM-Germania және Siemens компанияларының қолдауымен ұйымдастырып отыр. Фотокөрменің негізгі мақсаты - Орталық Азия мен Қазақстанда жүргізілген археологиялық зерттеу нәтижелерімен қалың жұртшылықты таныстыруға бағытталған.

«Мәдени шараның Германияның Қазақстандағы жылы аясында өткізіліп отырғанына қуаныштымын. Тәуелсіздік алғалы бері Германиямен тығыз қарым-қатынас орната бастаған Орталық Азия мемлекеттері арасындағы байланысты нығайта түседі деген сенімдемін. Бұл көрмеде Қазақстан мен Орталық Азияның табиғи ландшафтары көрініс тапқан. Ғалымдардың осындай талмас еңбектері үшін үлкен алғыс айтқым келеді», деді Германияның Алматыдағы Бас консулы Герольд Амелунг.

Көрмеде Орталық Азияда зерттеу жүргізген археолог мамандардың еңбек нәтижелерін қамтитын 50-ге жуық бірегей фотосуреттер мен каталогтар ұсынылып отыр. Сонымен қатар, онда ҚР Мемлекеттік орталық мұражайының қорында сақталған археологиялық артефактілер қойылған.

Көрме қыркүйектің 30-ына дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар