Алматыда Герольд Бельгердің «Таңдамалы» туындысының таныстырылымы өтеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ертең Ұлттық кітапханада танымал жазушы, публицист, бірқатар қоғамдық, әдеби сыйлықтардың иегері Герольд Бельгердің «Таңдамалы» кітабының тұсауы кесіледі.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық кітапханасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Автордың 80 жылдығына орайластырыла шығарылған бұл туындыға негізінен қазақтардың көп қырлы өмірі мен ресейлік немістердің азапты жолы арқау болған.

Таныстырылым аясында мәдениеттанушы, қоғам қайраткері Мұрат Әуезов, жазушы, Ұлттық кітапхананың бас директоры Әлібек Асқар, жазушы, аудармашы Берік Жылқыбаев, ақын, жазушы, аудармашы Бақытжан Канапиянов және басқа да елімізге белгілі тұлғалармен шығармашылық әңгіме өткізіледі.

10 желтоқсан күні сағат 11:00-де басталатын шара шеңберінде Ұлттық кітапхана қорынан автордың шығармашылығына арналған «Герольд Бельгер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылады.

Соңғы жаңалықтар