16:45, 04 Наурыз 2010 | GMT +5
Алматыда гобелен мен қолдан тоқылған кілемдердің көрмесі өтуде
АЛМАТЫ. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматыдағы ҚР Орталық мұражайында «Құс болып қайта қалыптасу» атты гобелендер мен қолдан тоқылған кілемдердің көрмесі ашылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Көрме авторлары Диана Раева мен Меруерт Торыбаеваның айтуынша, олар өз жұмыстарын үй жануарларының жүнінен иірілген жіптер мен мақта-мата және акрилді қосу арқылы жасаған.
«Жартаста бейнеленген суреттер, ұлттық оюлары бар барлық гобелендерді қазақ халқының өткенін ұғынуға шақыратын жалғыз тақырып біріктіріп тұр», дейді Д.Раева. Ал, оның әріптесі М.Торыбаеваның айтуынша, гобелендер әр түрлi интерьерлерде жақсы көрiнедi, сондай-ақ инсталляция және классикалық кілем ретінде де пайдалануға болады.
Наурыздың 18-не дейін жалғасатын көрмеде 30-дан астам гобелен мен қолдан тоқылған кілемдер қойылған.