Алматыда халықтан 6 млн теңгеге заңсыз сақталған қару-жарақ сатып алынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы полициясы халықтың қолындағы заңсыз сақталған атыс қаруын сатып алу науқанының нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

 Әкімшілік полиция басқармасының хабарлауынша, науқан барысында Алматы қаласы Ішкі істер органдарына азаматтардан 99 қару-жарақты өткізу үшін 56 өтініш келіп түсті, атап айтқанда, 55 тегіс қару, 24 травматикалық қару, 20 дана мылтық, 1 450 мылтыққа арналған оқ-дәрі. Азаматтарға берілетін төлемдердің жалпы сомасы 4 909  629,50 теңгені құрады.

«Барлық тапсырылған қару-жарақтар «Тіркелген» және «Қылмыстық қару» интеграцияланған деректер банкі бойынша тексерілді, ал мылтық сот сараптамасына жіберілді. Науқан барысында тұрғындар арасында қару-жарақтарды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды заңсыз сақтауды ерікті түрде өтеу туралы халықты ақпараттандыру шаралары күшейтілді. Ішкі істер департаментінің барлық бөлімшелерінде (ІІБ-РОП, УПП, көші-қон және жол полициясында құжаттарды қабылдау пункттері), адамдар көптеп кездесетін орындар (ХҚКО, әуежай, теміржол және автобус бекеттері, базарлар, ойын-сауық мекемелерінде) үгіт-насихат плакаттары, науқан туралы стендтер орнатылған.  Барлық ІІБ-да халық арасында таратуға заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды тапсыру туралы парақ таратылды», - деп хабарлады Алматы қаласы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Жандос Мұратәлиев. 

Соңғы жаңалықтар