Алматыда химиялық технология бойынша VII Халықаралық Батырбек Бірімжанов съезі болады

АЛМАТЫ. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда 9-10 желтоқсан күндері ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Батырбек Ахметұлы Бірімжановтың 100 жылдығына арналған «Химия және химиялық технология» бойынша VII Халықаралық Бірімжанов съезі өтеді.
None
None

Онда Қазақстан Республикасындағы көмірсутекті және минералды шикізатты өндеудің қазіргі мәселелері, экология, табиғи, синтетикалық қосылыстар, мономерлердің химиялық технологиясы және химия білімінің заманауи мәселелері қарастырылады.

Бұл съезд INTAS-тың қолдауымен алғаш рет 1996 жылы Алматы қаласында өткен болатын. Кейін III съезд Өскемен қаласындағы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде, VI съезд Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде болды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2006 жылы V съезді Батырбек Бірімжановтың 95 жылдығына арнаған еді, енді VII cъезді 100 жылдығына арнап отыр.

Жалпы 75 жылдан астам тарихы бар бұл жоғары оқу орнының қалыптасып, дамуына Батырбек Ахметұлының қосқан үлесі зор. Ол өз өмірінде жеке және өзге қызметкерлермен бірге 900-ден астам ғылыми еңбек жазған. Оның 17-сі монография, 200-ден астамы - ғылыми-әдістемелік жұмыстар. Сонымен қатар республикамыздың жоғары және орта білім беру мектептеріне арнап 10-нан астам оқулықты аударған.

Соңғы жаңалықтар