Алматыда «I-MIX 2013» қазақстандық интернет конференциясы өтіп жатыр

Дәстүрлі шараны биыл Қазақстан мен Ресейдің интернет саласындағы серіктес компаниялары бірлесіп ұйымдастырып отыр.
CNP Processing GmbH компаниясының бас менеджері Константин Горожанкинннің айтуынша, соңғы жылдары Қазақстанда интернет аса жоғары қарқынмен дамып, нарық жаңа ойыншылармен толығуда. Оған қызығушылық білдірушілер саны жыл өткен сайын артып келе жатыр. Мұны тіпті аталмыш конферецияны ұйымдастырушы серіктес компаниялардың құрамынан да байқауға болады. Жалпы екі күндік мәслихат жұмысына қатысушы 82 сарапшының 14-ін шетелдіктер құрап отыр.
Конференцияның алғашқы күні «Мемлекет және интернет», «Электрондық коммерция», «Стартаптар және инвестициялар», «Мобильді технология», «Интерет-бизнес», «Стартап-акселераторлар», «Интернет-технология», «Интернет-маркетинг: медиалық жарнама, SEO және контекстік жарнама», «Қаржылық интернет-сервистер», «Кадрлар және оқыту», «Алло, біз стартаптарды іздейміз» деген тақырыпта сессиялық талқылаулар өтеді. Сондай-ақ «Қазақстанға қандай стараптар керек және бізде ешкімнен көшірмеу бірдеңе жасауға мүмкіндік бар ма?» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы мен «Сәттілік аллеясы 2013» стартаптар байқауы болады. Ал ертең бірқатар сарапшылардың интернет саласында жеке ісін бастап, оны дамытып табыс көзіне айналдыруға әрекет жасаушылар үшін ақылы шеберлік дәрістерін өткізеді деп жоспарлануда.