Алматыда І жазғы Сурдлимпиадалық спартакиаданың ашылу салтанаты өтті

«Бұл спартакиадаға Қазақстанның облыстарынан 14 команда келді. Барлығы 400 адам қатысуда. Ола спорттың бес түрінен: мини-футбол, жеңіл атлетика, еркін күрес, үстел теннисі және шахматтан өзара бақ сынасады. Алматы және Астана қалаларынан, сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарының командалары толық құрамымен келді. Яғни олар спорттың барлық түріне қатысады» - деді өз сөзінде ҚР мүгедектер спорты бойынша бас жаттықтырушысы Максим Рожков.
Бұған дейін елімізде сурдоолимпиадалық және параолимпиадалық спорт түрлері бойынша жарыстар бірге өткізіліп келген болатын. «2002 жылы Қазақстанда ұлттық параолимпиадалық комитет құрылды. Содан бері көптеген жарыстар өткізіле бастады. Қатысушылар саны артты. Олар халықаралық жарыстарға қатыса бастады. Содан биыл Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен биыл тұңғыш рет саңырауларға арналған өз алдына бөлек спартакиада өткізуді ұйғардық. Біздің спортшылардың тек есту жағынан ғана кемістіктері бар. Әйтпесе толыққанды спортшылар! Біздің спортшылар керек десеңіз есіту, көру қабілеті бар. 12 мүшесі сау спортшыларды да жеңіп кетеді» - деді Максим Рожков.
Бұдан кейін ұйымдастырушылар алдағы уақыттарда қысқы сурдоолимпиадалық спартикада өткізуде қолға алмақ нитте. Спартакиада екі жерде өтуде: Орталық стадионда мини-футбол мен жеңіл атлетика, ал Аграрлық университетте шахмат, үстел теннисі және еркін күрестен жарыстар өтуде.
Спартакиада 28 тамызға дейін жалғасады.