Алматыда Иран Ислам Республикасы әлеміне арналған көрмесі өтеді

АЛМАТЫ. 8 ақпан. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Алматыдағы Орталық көрме залында 14-20 ақпан күндері «Иран Ислам Республикасына көзқарас және оның қазіргі жетістіктері» атты көрме өтеді.
None
None

Оны Иранның ҚР-дағы Елшілігінің мәдениет өкілдігі ұйымдастырып отыр. Мәдени шара Ирандағы Ислам революциясы жеңісінің 33 жылдығына арналған.

Көрмеде Иранның бар байлығын паш ететін 100-ге жуық картиналар, фотосуреттер мен басқа да жәдігерліктер қойылады. Ол картиналарда елдің әсем табиғаты, тарихи ескерткіштер сомдалған. Сондай-ақ, ирандық шеберлердің қолданбалы қолөнер бұйымдары мен Иран жайлы танымдық кітаптар да көрмеде орын табады. Сонымен бірге, онда әр тақырыптағы деректі фильмдер мен слайдтар көрсетілетін болады.

Соңғы жаңалықтар