Алматыда Иранның жетістіктеріне арналған көрме ашылды

АТЫ. 14 ақпан. ҚазАқпарт /Әйгерім Әмір/ - Бүгін Алматыдағы Орталық көрме залында «Иран Ислам Республикасы мен елдің Ислам Революциясынан кейінгі жетістіктеріне шолу» деген тақырыпта көрме ашылды.
None
None

Ұйымдастырушы - Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің мәдени өкілдігі.

Елшіліктің мәдени сарапшысы Мұхаммад-Реза Саттаридің айтуынша, Иран Ислам Республикасы өзінің даму жолындағы көптеген қиындықтар мен кедергілерге қарамастан, теңдессіз жетістіктерге қол жеткізуде. «Бұл жетістіктердің қайнар көзі - Ислам Революциясының жоғары мақсаттары және мемлекеттің ғылым мен жаңа технологияға барынша көңіл бөлуінің нәтижесі екені даусыз.Болашақта ғылым және мәдениет саласы бойынша ИИР және ҚР арасындағы байланыс баянды іскерлікке айналады деп сенемін, - деді ол.

Аталмыш көрме Иран Ислам Революциясы жеңісінің 33 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр. Көрмеде жүздеген сурет, фотосурет пен постерлер көрермен назарына ұсынылып отыр. Көрме жұмысына ғылым және мәдениет саласы өкілдері, ЖОО оқытушылары мен студенттері қатысты.

Көрме Ислам Революциясы үдерісі жайлы фотосуреттер, Ирандағы ғылымның дамуы, Иран Ислам Республикасының жетістіктері, Иран табиғаты, Иранның археологиялық ескерткіштері, Иран суретшілерінің шығармалары, Құрандық жазу үлгілері, мешіт кескіндері, Фирдоусидың кескіндері мен мүсіндері; Иранның қолөнер туындылары, Ирантану саласының сирек кітаптары бөлімдерінен тұрады.

Көрме 14-20 ақпан аралығында жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар