Алматыда ірі сауда компаниясының экспедиторлары қарақшылардың тонауына жол бермеді

АЛМАТЫ. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алматыда ірі сауда компаниясының экспедиторларына қарақшылық шабуыл жасауға әрекет еткендер ұсталды,

Алматыда ірі сауда компаниясының экспедиторлары қарақшылардың тонауына жол бермеді

деп хабарлады қаланың ІІД баспасөз қызметінен.

Қараша айының соңында компанияның екі экспедиторы азық-түлік дүкендерінің біріне халық тұтынатын тауарды әкеліп, түсіріп жатқан кезде шабуыл жасалған. «Тауарды түсіріп жатқан кезде оларға белгісіз екі ер адам жетіп келген. Біреуінің қолында тапаншасы болған, қылмыскерлер олардан қолда бар 800 мың теңгеден артық ақшаны беруді талап еткен. Бірақ экспедиторлар бұзақыларға қарсылық көрсеткен. Қарақшылардың бірінің қолынан қаруы түсіп қалған. Артынша қалғандары оқиға орнынан дереу іздерін жасырған», - деп атап өтті Алматы ІІД криминалдық полиция басқармасының қарақшылық шабуыл жасау мен тонау қылмысын ашу бойынша бөлімінің басшысы, майор Данияр Күшәлиев.

«Оқиға орнын қарау кезінде «RG-89» револьвері табылды. Ол сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді. Осы іске қатысты екінші адам да анықталды. Ол жақын күндері ұсталады. Тергеу аяқталғаннан кейін жеңіл пайда табуды көздегендер сот алдында жауап береді», - деп мәлімдеді майор Күшәлиев.