Алматыда ішінде бала бар көлікке тас жаудырғандар іздестірілуде

Машинаның ішінде 10 жасар қыз бала отырған, деп хабарлады қаланың ІІД баспасөз қызметінен.
Ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде кешкі сегіздер шамасында белгісіз екі ер адам тұрақта тұрған көлікке тас жаудырған. Қыздың анасы жақын маңда орналасқан дүкенге кірген. Автокөлік иесінің сөзіне қарағанда, ол небәрі үш минут қана орнында болмаған. Машинаның алдыңғы әйнегі мен фарлары күл-парша болған.
Қылмыстық іс қозғалды. Қазір бейнерегистраторға тіркелген жазба бойынша пленкаға түсіп қалған жігіттің кім екенін және қайда тұратынын анықтау үшін полицейлер жедел-іздеу шараларын жүргізіп жатыр. Олардың басқа құқықбұзушылықтарға қатысы бар-жоқтығы тексерілуде.
Алматы ІІД осы адам жайлы қандай да бір ақпарат білетін адамдар болса, 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.