14:29, 14 Мамыр 2009 | GMT +5
Алматыда исламдық қаржыландырудың дамуы мен болашағына арналған форум өтті
АЛМАТЫ. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыда Өңірлік қаржы орталығы академиясының (АӨҚОА) ұйымдастыруымен Қазақстандағы исламдық қаржыландырудың дамуы мен болашағына арналған форум өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Форум жұмысына мемлекеттік және жеке қаржы институттарының өкілдері қатысты. Басқосуда исламдық банк жүйесіне арналған қазақстандық заңдылықтар, елімізге енгізудегі кедергілер мен дамытудың негізгі аспектілері сөз болды.Бұған дейін айтылғандай, биылғы жылдың ақпан айында исламдық қаржыландыру мәселелеріне арналған арнайы заң қабылданған болатын. Отырысқа қатысушылардың айтуынша, ерекшелігі мол исламдық заңдылықтарды елімізге енгізуді жеделдетуге бұл заң үлкен ықпал етіп отыр.Алматы өңірлік қаржы орталығы қызметін реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Шыңғыс Қанапияновтың сөзіне қарағанда, қазіргі кезде исламдық қаржыландыру 15-20 пайыздық өсіммен жылдам дамуда. Оны әлемнің 400-ден астам қаржы институты енгізген, жылдық айналымы 800 миллиард АҚШ долларын құрайды.