Алматыда ІV Қазақстандық инвестициялық саммит өз жұмысын бастады

trong>. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда «Интернэшнл геральд трибьюн» газеті мен ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі бірлесіп ұйымдастырған екі күндік ІV Қазақстандық инвестициялық саммит өз жұмысын бастады. Алқалы кеңес ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен «Интернэшнл геральд трибьюн» газетінің шығарушысы Стивен Данбапр-Джонсонның құттықтау сөздерімен ашылды.
None
None

Саммиттің алқалы мәжілістері бүгін «Самұрық-Қазына: индустриялық-инновациялық даму жолында», «Инвестицияны қолдау үшін индустриялық базаны құруды заңдық қорғау», «Мұнайгаз өнеркәсібі: инвестициялар үшін жаңа мүмкіндіктер және заңдық өзгерістерге көзқарас», «Таукен өндіріс кешеіні және металлургия, тауарлық металл өнімдері», «Қазақстанның қаржы секторы: тұрақты нарық және шетелдік инвесторлар үшін мүмкіндіктер», «Қазақстанда инвестициялаудағы тәуекел мен тиімділік» деген тақырыптар бойынша өтеді. Сондай-ақ бірқатар келісімдер мен меморандумдарға қол қойылғалы отыр. Мәселен KCM, EBRD және ADM Capital арасында «Kazakhstan Capital Restructuring Fond C.V.» қорын құру туралы келісім жасалмақ. Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен «Korea Elektric Power Corporation» және «Samsung C&T Corporation» арасында жаңғырмалы қуат көздері саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылады. «Қазақстан темір жолы» «Alstom» пен «Тransmashholding» мен Қазақстан аумағында бірлесіп қазіргі заманғы магистральдық электровоздар өндіру саласында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға, «Patentes Talgo S.A» мен Астана қаласында бірлескен темір жол жолаушылар вагонын өндіру мен техникалық қызмет көрсетін бірлескен кәсіпорын құрудың негізгі талаптары тізімін бекіту мен өзара түсіністік меморандумына, EBRD мен Қазақстанның теміржол көлігі саласындағы стратегиялық бастамаларын бірлесіп жүзеге асырудағы өзара түсіністік туралы меморандумға, «Kazakhstan Ansaldo JSC»-пен «Қорғас-Жетіген теміржол желісі құрылысы» жобасын жүзеге асырудың аясында құрылыс-монтаж жұмыстарын сатып алу туралы келісім жасалады деп жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар