Алматыда Қ.Келімбетовтың қатысуымен БЭК-тің Бәсекелестік туралы заң жобасы талқылануда

АЛМАТЫ. 28 наурыз. ҚазАқпарат - Ұлттық экономикалардағы бірыңғай норма мен тәртіпке негізделген бірыңғай бәсекелі экономикалық саясат жалпы экономикалық кеңістікті дамытудың үштағанды тұғыры.
None
None

Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан «Бәсекелестік туралы» Бірыңғай экономикалық кеңістіктегі модельдік заң жобасы» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов айтты.

Қайрат Келімбетовтың айтуынша, Бірыңғай экономикалық кеңістіктің (БЭК) тиімді жұмыс істеуінде заңнаманы үйлестіруді қамтамасыз ету ықпалдастықты тереңдетудің негізгі міндеті. БЭК-ке мүше елдердің кәсіпорындары үшін тең бәсекелестік жағдай ұлттық және аймақтық экономиканың бәсекелестігін арттырудың басты факторы. Сондықтан модельдік заңды қабылдау Еуразиялық экономикалық одақ құрудағы ықпалдастық үдерістерін қамтамасыз ету үшін принципті түрде қажет. БЭК-тің «Бәсекелестік туралы» модельдік заңы экономикалық қатынастарды реттеуді жаңа деңгейге көтереді.

Соңғы жаңалықтар