10:29, 12 Қараша 2013 | GMT +5
Алматыда Қадыр Мырза Әлі тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылмақшы
ОРАЛ. 12 қараша. ҚазАқпарат - Алматы қаласында қазақтың ұлы ақыны Қадыр Мырза Әлі отбасымен 1971-1993 жылдары тұрған Жамбыл көшесі 163-үйге ескерткіш тақта орнатылмақ.

Бұл туралы «Қадыр Мырза Әлі» қоғамдық қорының директоры, белгілі әнші-композитор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Донеділ Қажымов хабарлады. Оның айтуынша, ескерткіш тақта орнату жөнінде Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтің арнайы шешімі шыққан. Аталмыш шара ақынның туған күні - алдағы жылғы 5 қаңтар қарсаңында жүзеге асырылмақшы. Сонымен қатар Орал қаласында ақын атындағы шығармашылық орталық салынып жатқаны белгілі. Ол да алдағы жылы пайдалануға берілмекші.