Алматыда қала әкімі мен «Хюндай» корпорациясының басшысы екіжақты ынтымақтастық болашағын талқылады

None
None
АЛМАТЫ. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда қала әкімі Ахметжан Есімов «Хюндай» корпорациясының президенті, директорлар кеңесінің төрағасы Но Енг Донмен екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Но Енг Дон елімізге мемлекеттік сапармен келген Оңтүстік Корея Президенті Ли Мён Бактың ресми делегациясының құрамындағы құрметті меймандардың бірі. Бұл кездесуде ол ғаламдық және Алматы қаласындағы болашағы зор жобаларды инвестициялау мәселесін көтерді. Метрополитенге өз жабдықтарын жеткізуді несиелендіру арқылы қазақстандық банктердің бірі арқылы қаржыландыру үлгісін ұсынды. Сондай-ақ «Қауіпсіз қала» жобасына ерекше қызығушылық танытып отырғандарын жеткізді. Оның сөзіне қарағанда, корпорация мамандары қазіргі кезде ұсыныстар жасау үшін қаланың бас жоспарымен танысуда.Корпорация президенті достық белгісі ретінде Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының бастығына бес Hyundai жедел жәрдем машинасының кілтін тапсырды.
Соңғы жаңалықтар
telegram