Алматыда қала күніне арналған велошеру өтті

МАТЫ. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыда қала күні кұрметіне арналған велошеру өтті.
None
None

Таңғы 8.30-да Достық даңғылынан басталған шеру әл-Фараби көшесінің бойымен өтіп ҚР Тұңғыш Президенті саябағы алдында мәреге жетті.

100-ге жуық велосүйерқауым қатысқан шараны қала әкімдігі мен «Алматы» велоклубы ұйымдастырды. Шеру қорытындысында бірнеше аталым бойынша бағалы сыйлықтар тапсырылды. Олардың арасында ең жас велосүйер, ең қарт велосүйер, ең үздік велосүйер сынды бірнеше аталым бар. Бұл аталымдар бойынша «Ең жас велосүйер» болып 9 жасар Әсел Арапова, «Ең қарт велосүйер» 70 жастағы Әскер Болқанбаев атанды.

Аталған шеру қаланың велосүйерлері үшін бүгіндікке соңғы шара емес. қазіргі кезде Сайран көлінде велоспортшылар арасында жарыс өтіп жатыр. Бұл шара да қала күні құрметіне арналған.

Еске сала кетейік, Алматыда қала күні мерекесін атап өту қыркүйек айының басында басталған болатын. Бұған дейін бірнеше ірі мәдени шаралар өткізілген еді. Қала күнін атап өту - қала тұрғындары мен қонақтары үшін айтулы мерекелердің бірі. Мерекенің басты ұстанымы қоғамның өз қаласына сүйіспеншілігін ояту, мәдени құндылықтарды көтеру, Алматының әлеуметтік-мәдени дамуына үлес қосу.

Соңғы жаңалықтар