Алматыда қалалық мәслихаттағы "Нұр Отан" ХДП депутаттарының форумы өтті

nbsp; АЛМАТЫ. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматы қаласы тұрғындарының 80 пайыздайы Елбасының Жолдауымен етене таныс.
None
None

Бұл жайлы бүгін Алматыда өтіп жатқан мәслихаттағы "Нұр Отан" ХДП депутаттарының форумында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Партияның қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Амангелді Кәрімоллиннің айтуынша, мәслихаттағы 37 депутаттың 34-і "Нұр Отан" ХДП-ның мүшесі. Бүгінгі форумға олардың 24-і қатысып отыр. Форум - депутаттық корпус пен жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен "Нұр Отан" ХДП-ның Халықтық тұғырнамасының орындалу барысы және оны Елбасы Жолдауы аясында одан ары қарай жүзеге асыруды жоспарлауды кешенді талқылауға арналған. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған "Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері"деп аталатын Жолдауын әрбір азамат білуі керек. Біз жақында халық арасында сауалнама жүргіздік. Қала тұрғындарының 80 пайыздайы Жолдауды біледі. Бұл біз үшін үлкен жаңалық болды. Ендігі мақсат - халыққа Жолдауда көтерілген мәселелер бойынша жасалған бағдарламалдарды жеткізу", дейді "Нұр Отан" ХДП қалалық филиалының 1-ші орынбасары Амангелді Кәрімұлы.

Соңғы жаңалықтар