Алматыда қаланы дамыту бағдарламасына 13 млрд. астам теңге бөлінетін болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда 6-шы шақырылымдағы қалалық мәслихаттың 7-ші сессиясында 2016 жылдың бюджетіне өзгерістер енгізілді.
None
None

«Алматы қаласының жалпы сомасы - 479 млрд. 988 млн. 316 мың 2 теңгені құрайтын биылғы бюджетін нақтылау ұсынылады. Қазір нақты қолдағы бар бюджет сомасы - 382 млрд. 304 млн. 380 мың теңгені құрайды», - дедіөз сөзінде қалалық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Мақсат Қиқымов. 

Ол қазіргі қиын жағдайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмыс орындарының сақталуына, іскерлік белсенділікті қолдауға және экономикалық өсімге ерекше көңіл бөліп отырғандығын жеткізді.

«Алматы қаласын дамыту-2020» бағдарламасының жеті басымдығын жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ, көкейкесті мәселелерді шешу мақсатында қала бюджетінен 13 млрд. 122 млн. 414 мың теңге бөлу ұсынылады», - деді ол депутаттарға.  

Мысалы, әлеуметтік салаға - 3,7 млрд. теңге, денсаулық сақтау саласына - 1,6 млрд. теңге, саябақтар мен гүл бақтарына жөндеу жүргізуге - 303,4 млрд. теңге, көшелерді жарықтандыру жүйесін жаңғырту, жаңарту жұмыстарына - 1,2 млрд. теңге және қаланың алты ауданында 292 аулалық аумақты жөндеуге - 2 млрд. теңге бөлінеді.    

Депутаттар бюджетке енгізілетін өзгерістерді бірауыздан мақұлдады.  Қала әкімі Бауыржан Байбек депутаттарға ризашылығын білдірді.

«Бөлініп отырған қаражат бұл үнемделген ақшалар. Бюджет, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартудың негізгі құралы. Қолдау көрсеткендеріңіз үшін сіздерге алғысымды білдіремін», - деді сессияны қорытындылаған қала әкімі. 

Соңғы жаңалықтар