14:43, 03 Қаңтар 2015 | GMT +6
Алматыда қар тазалауға 500 арнайы техника жұмылдырылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда мереке күндері түскен қалың қарды тазалауға 496 арнайы техника мен 635 жұмысшы жұмылдырылды. Бұл туралы қалалық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасы хабарлады.
«2015 жылдың 2 қаңтарында 23.40-та бастап оңтүстік астанада қалың қар жауды. Қала көшелерін тазалауға 496 арнайы техника мен 635 жұмысшы жұмылдырылып, 2900 тонна құм мен тұз қосындысы себілді», - делінген хабарламада.
Таңертеңгі 8.00-ден бастап таулы аудандарда қар тазалау жұмыстары басталды.
Аудандық әкімдіктерде мейрам күндері жауапты тұлғалар тәулік бойы кезекшілік етуде.
4 қаңтарда Алматыда жауын-шашын күтілмейді деп болжауда «Қазгидромет» РМК.