Алматыда карантин кезінде психикалық денсаулық орталығына 300-ден астам адам жүгінген
«Біз 2020 жылдың 4 сәуірінен бастап жұмыс істеп жатырмыз. Осы уақыт ішінде 300 онлайн-кеңес өткізілді. Негізінен оқшауланып жатқан ересектер хабарласқан. Бізде білікті психологтар, психотерапевтер, психиатрлардан құралған 61 маман жұмыс істейді. Алты бақылаушы қиын жағдайлармен жұмыс жүргізеді. Сонымен қатар, Youtube арнасында 50-ге жуық білім бейнематериалын жарияладық», – дейді Николай Негай.
Оның айтуынша, мамандар психологиялық мәселелерге байланысты 263 онлайн-кеңес өткізіп, психолог, психотерапевтерге 47 кеңес берді.
Орталықтың ресурсына 30 мыңнан астам адам кірген.
«Негізінен бізге күйзеліс, ашушаңдық, агрессия, қорқыныш, алкогольді шектен тыс көп ішу, депрессия, отбасылық-тұрмыстық проблемалар, құқықтық қолдау қажеттілігі және тағы басқа мәселелер бойынша хабарласады. Біз көрсетілетін көмектің тиімділігін зерттедік. Нәтиже бар. Әрине, адамға онлайн кеңес беру қиын. Алайда, осы эпидемиологиялық жағдайда біз шешім табуға тырысамыз», - деді ол.
Айту кету керек, әлеуметтік-психологиялық оңалтудың жалпы контентін Қазақстандағы БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) және Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасы әзірлеген.