Алматыда карантин күшейтілді: Банктер қалай жұмыс істейді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин енгізіліп отырған қосымша шектеу шараларына байланысты банктер қалай жұмыс істейтінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз банктік қызмет көрсету саласы туралы көп талқыладық. Бұйрыққа сәйкес банктердің қызметі тек қашықтан жұмыс істейтін адамдардың пайыздық мөлшерлемесімен шектелетін болады. Банктер аппараттарының орталық бөлімшелерінің қызметкерлері 60% қашықтан жұмыс істейді. Ал филиалдар 40% онлайн форматқа ауыстырылады», - деді Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар, ол банк қызметкерлері арасында коронавирус жұқтырғандардың көп екенін баса айтты.

«Банк саласы инфекцияны жұқтыру қаупі жоғары топқа жатады. Себебі жабық мекемеде жұмыс істейді», - деп қосты бас санитарлық дәрігер.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Алматыда коронавирусқа байланысты эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуіне байланысты 20-28 наурыз аралығында карантин талаптары күшейтілді. Осыған орай, автобустың қозғалыс режимі өзгерді.


Соңғы жаңалықтар