Алматыда қаржы секторындағы тәуекелді басқару жөнінде Қазақстан актуарийлерінің екінші мектебі өтеді

 АЛМАТЫ. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда қыркүйектің 7-12 күндері «Қаржы секторындағы тәуекелді басқарудың кейбір сауалдары: халықаралық тәжірибе» деген атпен Қазақстан актуарийлерінің екінші мектебі өтеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Оны   ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі,  «Қазақстан актуарийлер қоғамы» қоғамдық ұйымы және   АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігінің "Қаржылық тұрақтылық үшін серіктестік" бағдарламасы бойынша  жұмыс жасайтын East West management Institute бірігіп ұйымдастырып отыр. Қазақстан актуарийлерінің екінші мектебі сақтандыру ұйымдары, зейнетақы қорлары және   қаржы нарығын реттеу органдарының жетекшілері мен қызметкерлеріне арналған. Оған Орталық Азия мен  Кавказ елдерінің және Молдова мен Украинаның қаржы нарығын реттеу органдарының, сақтандыру компанияларының, зейнетақы  қорларының қызметкерлері қатысады деп жоспарлануда. Екінші актуарий мектебінің дәрістік сесиялары мен тәжірибелік сабақтарын АҚШ, Қытай  және Еуропа елдерінің сақтандыру, зенетақымен қамсыздандыру және актуарийлік есептеу саласындағы жетекші мамандары мен профессорлары жүргізеді. Олардың арасында - Жалпы сақтандыру бойынша актуарийлер қоғамының  мүшелері  Жаңа Жан Де Сантис (Жаңа Зеландия),  Тимоти Р. Лейер мен Сергей Сидоров (АҚШ),  Жен Чен (Қытай) бар. Жалпы Қазақстан актуарийлерінің екініші мектебіне  қатысу Әзірбайжан, Армения, Грузия, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан мен Украинаның сақтандыру ұйымдары, зейнетақы қорлары және   қаржы нарығын реттеу органдарының жетекшілері мен қызметкерлері үшін тегін болмақ.  

Соңғы жаңалықтар