Алматыда қаржылық қауіпсіздік мәселелері туралы форум өтіп жатыр

trong>. Мамырдың 31-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда "Жеке сектордың қызметіндегі қаржылық қауіпсіздік мәселелері және қылмыстық кірісті заңдастыру мен лаңкестікті қаржыландыруға қарсы әрекет саласында халықаралық стандарттарды қолданудың озық тәжірибелері" деп аталатын Қазақстан-Ресей консультативтік форумы өтіп жатыр,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол Қылмыстық кіріс пен қаржылық лаңкестікті заңдастыруға қарсы әрекет жөніндегі Еуразиялық топтың қолдауымен және ҚР Қаржы министрлігінің атсалысуымен ұйымдастырылып отыр. Оған Росинмониториинг және Қазақстанның қаржылық мониторинг жөніндегі комитетінің өкілдері, екі елдің ұлттық банктері мен реттеу органдарының, Ресей банктері қауымдастығы, ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі сарапшылары, аймақтағы жетекші банктердің ішкі бақылау қызметтерінің жетекшілері қатысуда.

"Бұл Қазақстанның жаңадан құрылып жатқан мекемесі үшін үлкен мәртебе деп ойлаймын. Әріптестеріміз оны Ресейде өткізуді ұсынған еді, біз Қазақстанда өткізейік бәрі көрсін дедік. Өйткені қаржылық және тағы да мәселелерге байланысты Ресейге бәрі бірдей бара алмайды. Бұл шараны еліміздегі қаржы мониторингінің 10 субьектілері бар, соларға арнайы өткізіп жатырмыз. Ресей жеке сектордың қызметіндегі қаржылық қауіпсіздік мәселелерін қалай бастаған екен, қандай тәжірибесі бар. Жетістіктері мен олқылы тұстарын өздері айтып берсін деп", дейді ҚР Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг жөніндегі комитетінің төрағасы Мүсірәлі Өтебаев.

Соңғы жаңалықтар