Алматыда кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған «Бизнес-Өрлеу» II республикалық байқауы жарияланды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған «Бизнес-Өрлеу» II республикалық байқауына өтінімдер қабылдау басталды.
None
None

Бұл туралы кеше Алматыда өткен баспасөз мәслихатында аталмыш шараны ұйымдастырушы және оның демеушісі «ZUMRAD корпорациясының президенті Екатерина Ким мәлімдеді.

Бұл жолы байқау үш бағытты қамтып отыр.

«Бірінші бағыт 18 бен 29 жас аралығындағы ер азаматтардың идеялары мен бастамаларына арналады. Екінші бағыт 18 жастан асқан белсенді әйел азаматтар арасында. Ал үл үшінші бағыт бойынша 18 жастан асқан барлық азаматтардың әлеуметтік бизнес жобалар бойынша байқау жүргізіледі. Әрбір бағытта үш орыннан белгіленеді. Байқау қорытындысы бойынша тоғыз жеңімпазға өздерінің бизнес жобаларын жүзеге асыруға 100 мың долларға дейін грант беріледі» - деді өз сөзінде Е. Ким.

Айта кететін жәйт, бұл жерде жеңімпаздарға қаржылай көмекті байқаудың бұған дейінгі жеңімпаздары көрсететін болады. Сонымен қатар, байқау жеңімпаздарына бизнесті ұйымдастыру және жүргізу бойынша консультациялық көмектер көрсетіледі.

Қатысуға ниет білдірушілер өтінімдерін 2014 жылдың 15 желтоқсанынан 2015 жылдың 15 наурызына дейін те www.businessway.kz сайтына электронды нұсқада жібере алады. Байқауға өз ісін жаңадан бастап келе жатқан кәсіпкерлердің де, бизнесі бар кәсіпкерлердің де қатысуға мүмкіндіктері бар.

«Біздің басты мақсатымыз - Қазақстанда әлеуметтік жауапкершілігі жоғары кәсіпкерлердің жаңа буынын қалыптастыру. Олар әрқашанда жас кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп отырулары тиіс. Өйткені, бизнес ашуға ниет білдірген жастарға бірінші кезекте қолдау қажет екендігін мен жақсы түсінемін. Өйткені, олар көп қиындықтарға тап болады. Бұл менің өз басымнан да өткен» - деді сөз соңында Екатерина Ким.

Соңғы жаңалықтар