Алматыда каскадерлар 1 мың баланы атқа мінгізіп үйретеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «1 000 қайырымды іс» бағдарламасы аясында мамандар 8-9 жас аралығындағы балаларды тегін атқа мінуге және суда жүзуге үйретеді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісі қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
None
None

«1000 қайырымды іс» бағдарламасының негізінде 23 қазанға дейін 1 мың баланы жүзуге, желтоқсан айына дейін 1 мың баланы атқа мінуге үйрету жоспарланып отыр.

Басқармадағылардың айтуынша, бірінші кезекте балалар үйі мен аз қамтылған отбасылардың балаларын аталған шараға қатыстыру жоспарланған.

Қазіргі уақытта кәсіби мамандар балаларды қаладағы 5 бассейн кешенінде жаттықтырып жатыр.

Атқа мінуді «NOMAD» каскадерлар тобы үйретеді.

null null null null null null  

Соңғы жаңалықтар