Алматыда қатты аязда 11 адамды үсік шалды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда көктайғақтан құлап ауруханаға түскендер саны 200-ден асты, 11 адам үсіп қалған. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше,10 қаңтардан бері 216 адам ақ халаттылардың көмегіне жүгінген. Олардың басым бөлігі түрлі дене жарақатын алған. 11 тұрғынды үсік шалған.

«Жыл басынан қатты аязда үсіп қалған бір адам көз жұмды. Оның тұрғылықты мекенжайы болмаған. Аяз кезінде сыртқы киім мен аяқ киімге ерекше мән берген дұрыс. Әсіресе, суық күндері бірінші кезекте балалар мен қарт кісілерді үсік шалуы мүмкін. Аяз күндері сыртта көп жүрмей, барынша сақтану керек»,- деп хабарлады ведомстводан.

Еске салайық, 12-16 қаңтар күндері Алматыда қатты аяз болды. Төтенше жағдайлар департаменті ауа температурасы -25 градусқа жететінін де ескертті. Кейін «Қазгидромет» РМК мегаполисте 14-20 қаңтар күндері қалыптасатын ауа райы болжамын ұсынды.

Бүгінде қалада аяздың беті қайтты. Ауа температурасы түнде -11-12, күндіз – 6 градус.


Соңғы жаңалықтар
telegram