Алматыда қатыгездікпен адам өлтірген Өзбекстан азаматының қылмысы ашылды

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматыда қызғанышпен жасалған адам өлімі қылмысы ашылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу жұмыстары барысында белгілі болғандай, осыдан 3 жыл бұрын Өзбекстанның Нүкүс қаласының тұрғыны өз отбасын елінде қалдырып Алматыға келеді, әрі басқа әйелге үйленеді. Осы жылдың маусым айында оның әйелі екі баласын алып жұмыс іздеген болып оңтүстік астанаға келеді.

«Алматыға өзбекстандық азаматтың бұрынғы әйелі, қызы және кәмелеттік жасқа толмаған ұлы келеді. Алғашында олар әкесіне және оның қазіргі әйелінің жұмыс орынына жақын орналасу мақсатында олардың сауда жасайтын базардағы орынына жақын жайғасып, жұмыс істеген болады. Уақыт өте келе балалар әкесінің жаңа отбасына жиі барып, жақын араласа бастайды", дейді Алматы қаласы ІІД Криминалды полиция басқармасының бастығы Амангелді Шідерқұлов.

Осы жылдың 11-ші шілдесінде 17 жастағы Аслан өзінің анасы мен әпкесінің көмегімен әкесін алдап үйінен шығарып әкетеді де, оның екінші әйеліне барады. Әңгімелері жараспаған соң Аслан әйелге пышақ жұмсайды.

"Қылмыс өте ауыр қатыгездікпен жасалған. Әйелдің денесінде оның өліміне себеп болған жиырма шақты жарақат бар. Бұл оқиға жалдамалы пәтерде орын алған. Көршілері сол пәтерден Асланның шыққанын байқап қалған. Сол айғақ негізінде біз оны іздестіру жұмыстарымен айналыстық", дейді А. Шідерқұлов.

Қылмыскерді Маңғыстау облысында жергілікті полиция қызметкерлері қолға түсірген. Ол өзінің танысының үйінде жасырынып жатқан.

"Қазіргі уақытта қылмыскердің шешесі мен әпкесінің кінасы анықталуда. Аслан өз кінасын толық мойындап, әкесі мен өгей шешесінен осындай жолмен өш алғысы келгендігін айтады ", деді А. Шідерқұлов.

Соңғы жаңалықтар