Алматыда «Қайрат» ФК тарихына арналған көрмеге 80-нен астам тарихи құжат қойылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда «Қайрат» футбол командасының Т.Сегізбаев атындағы футбол академиясында «Қайрат» командасының тарихына қатысты көрме өтті.
None
None

ҚР Президенті Мұрағаты ұйымдастырған бұл көрме «Қайрат футбол клубы: халық командасының тарихынан» деп аталады. Оған 80-нен астам тарихи құжаттар, мақалалар, фотосуреттер қойылды.

Бүгінгі көрмеге Кеңес заманында «Қайрат» командасына қатысты жоғары партиялық деңгейде қабылданған қаулылар мен шешімдер және газет беттерінде жарияланған мақалалар, фотосуреттер қойылды», - деді өз сөзінде ҚР Президенті Мұрағаты директорының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы Қайрат Әлімғазинов.

Бүгінгі шараға «Қайрат» командасының басшылығы мен ардагерлері, Т. Сегізбаев атындағы футбол академиясының тәрбиеленушілері қатысты. Шара барысында ҚР Президенті Мұрағатының қызметкері қонақтарды көрмеге шығарылған материалдармен таныстырды. Шара соңында «Қайрат» командасының тарихыныа қатысты Кеңес заманныда түсірілген деректі фильм көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар