Алматыда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған қуыршақ көрмесі ашылды (ФОТО)

«Барлығы 25 шебердің 32 қуыршағы қойылды. Олар Шығыс туралы өздерінің ішкі ұғымдарын осы қуыршақтар арқылы бере білген. Сонымен қатар көрме аясында өнердің осы бағыты бойынша суретшілер шеберлік сыныптарын өткізеді», - деді ұйымдастырушылардың бірі, «Қуыршақтар әлемі» орталығының жетекшісі Лариса Сологуб. «Біз осындай шара өткізуді шамамен осыдан жарты жыл бұрын ойластыра бастадық. Суретшілердің шығармашылығы, дәлірек айтқанда, қуыршақтар арқылы авторлардың Шығысты, «Ұлы Жібек жолын» қалай көз алдарына келтіргендіктерін көрсеткіміз келді. Сөйтіп, көрмені Қазақ хандығының 550 жылдығымен орайластырдық», - деді Мысыр Араб Республикасының Алматыдағы Бас консулдығының мәдениет және білім істері бойынша атташесі Хемдан Ибрагим. Айта кетелік, көрме әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетінің ғимаратында өтіп жатыр. Ол 28 қазанға дейін созылады.