Алматыда қазақ тілін жетік меңгерген орыс диаспорасы жастары арасында республикалық байқау өтеді

Байқау қазақ тілін білетін жастарды көтермелеп, жастардың қазақ тіліне деген қызығушылығын, ықыласын, тіл мәдениеті мен мемлекеттік тілді қолдану мәртебесін арттыру, отансүйгіштік сезімді тәрбиелеуді негізге ала отырып ұйымдастырылады. Шараның негізгі ерекшелігі - Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын жүзеге асыруда Мәдениет министрлігі мен Қазақстанның орыс қауымы арасындағы табысты ынтымақтастықтың нығаюы.
Байқаудың қатысушылары - 14-22 жас аралығындағы ЖОО студенттері, колледж және мектеп оқушылары.
Бұл шара - «Мемлекеттік тіл - тәуелсіздіктің нышаны» тақырыбындағы ауызша таныстырылым, «Тіл - халық даналығының асыл қазынасы» қазақ сөз өнері мен мәдениетін білуге арналған тест, Қазақ әдебиеті классиктерінің шығармалары үзінділерінің мазмұнын заманауи театрландырылған интерпретацияда баяндап, классиктің өмірбаянын қысқаша мазмұндау аталымдары бойынша өтеді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады.