Алматыда Қазақстан-Британ бəсекелестік орталығы ашылды (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Қазақстан-Британ университеті жанында Бəсекелестік орталығының ашылуы өтті.
None
None

«Халықаралық зерттеу орталығы ғылыми қауымдастықпен, бизнеспен, коммерциялық ұйымдармен, мемлекеттік органдармен қоян-қолтық жұмыс істейтін болады. Орталық еліміздің бəсекелестігін арттыру жолында корпоративті консалтинг саласында қызмет ұсыну, тренингтер мен стартап қолдаулар көрсету, қолданбалы зерттеу жұмыстарын жүзеге асырады. Бұл жұмыстардың барлығы экономикалық, инновациялық дамуға бағытталған»,- деді ҚБТУ Бизнес мектебінің деканы Юан Симпсон.

Аталған орталық Қазақстан мен Ұлыбритания үкіметтерінің «Ньютон Əл-Фараби» бағдарламасы аясында қаржыландырылған.

Қазақстандағы Ұлыбритания корольдігі мен Солтүстік Ирландия елшісінің орынбасары Сара Пикеринг аталған орталықтың Қазақстан үшін маңыздылығын атап өтті.

«Бұл - үлкен жоба. Осы орайда сіздермен қарым-қатынаста болатындығымызға өте қуаныштымыз», - деді Хенли бизнес мектебінің деканы.

Соңғы жаңалықтар