Алматыда Қазақстан Халық банкінде автоматтандырылған сейфтік депозитарий ашылды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл Қазақстандағы екінші автоматтандырылған сейфтік депозитарий болып отыр. Бұған дейін оны Астана қаласында Қазкоммерцбанк ашқан болатын. «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның Басқарма төрағасы Үміт Шаяхметованың айтуынша, бұл 150 жылдан астам уақыттан бері сейф жабдықтарын шығарып келе жатқан голландиялық Gunnebo компаниясының Қазақстандағы ең алғашқы автоматтандырылған сейфтік депозитарийі. «Автоматтандырылған қоймаға» ұқсас бұл сейфтің 417 ұяшығы мен жоғары деңгейдегі 7 сыныпқа сәйкес келетін қорғаныс жүйесі бар.
1847 жылы негізі қаланған Gunnebo компаниясы әлемде ауыр сейф жабдықтарын өндірісіндегі көшбасшылардың бірі болып табылады. 150-ден астам өнім шығаратын бұл компанияның автоматтандырылған сейфтік депозитарийі Мәскеу мен Санкт-Петерборда бар. Алайда олар ұяшықтарының саны мен көлемі жағынан Қазақстан Халық банкінің Алматыдағы депозитарийінен кіші. Алдағы жылы енді Gunnebo компаниясының бұл өнімін Астана қаласына да ұсынбақ. Егер сұраныс болып жатса, Қазақстан Халық банкі болашақта облыс орталықтары өзге ірі қалаларда да ашуды жоспарлап отыр.